Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

NURINTECH - 2017 инновациялық жобалар байқауының женімпаздары анықталды

AstanaTV
26.12.2017ж. 20:00
2188
NURINTECH  - 2017 инновациялық жобалар байқауының женімпаздары анықталды

NURINTECH - 2017 инновациялық жобалар байқауының женімпаздары анықталды. Бұл сайысқа  IT, нанотехнология, агроинновация саласындағы жұмыстар келіп түскен. "Нұр Отан" партиясы байқау қорытындысын жариялады.

Жас өнертапқыштарды партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед құттықтап, жүлделерін табыстады. Әр номинация бойынша бірінші орын алғандарға 1 миллион теңге берілді. Екінші орын иегері 500 мың, үшінші орынға 250 мың теңге табысталды. Ғылыми байқауға мектеп оқушылары, студенттер мен жас мұғалімдер қатысты. Мыңнан аса жұмыстың ішінен 25-і іріктеліп алынған. 

Ербол Шабанов, жүлдегер:

Елімізде қазір 100 млн тонна көмір өндіріледі. Сонымен қатар, халық тұрмысында қолданылмайтын көмірлер түзіледі. Біз оларды арнайы полигондарды сақтаймыз. Ол күлге айналады да, айналаға ұшып, экологиялық апат туғызады. Біз осы проблемамен айналысқанымызға 8 жылдың жүзі болды.