Түркістан облысында медициналық мекеме басшысынан ақша талап еткен блогер ұсталды.
Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Келес ауданы бойынша 32 жастағы блогерді ұстады. Күдікті әлеуметтік желілерде медициналық мекеме басшысының беделіне нұқсан келтіретін мазмұндағы материалдарды таратпайтыны үшін 1 миллион теңге көлемінде қаражат талап еткен.
Полиция мәліметіне сәйкес, ұсталған азаматша блог жүргізіп, өзін қоғам белсендісі ретінде көрсеткен. Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.