Алматы ауданы Б. Момышұлы даңғылындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында орналасқан балконнан өрт шыққан.
Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін балконның ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау мен өртті сөндіруге шұғыл кіріскен. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ, — делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттан 8 адамды эвакуациялап, көрші пәтерден 2 бала құтқарылды.