Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы Шанағатты ауылында аяз -56 градусқа дейін жетті.
15 қаңтарда Алтай ауданындағы Парыгино ауылында сынап бағанасы -45 градусқа дейін төмендесе, 16 қаңтарда таңертең -53 градусқа жеткен.
17 қаңтарда бұдан да суық ауа райы тіркелді. Облыс әкімдігінің мәліметінше, Марқакөл ауданы Шанағатты ауылында ауа температурасы -56°C-ға дейін төмендеді.