$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде кітапханаға барушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

17.01.2026ж. 15:44
Елімізде кітапханаға барушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: pixabay

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан кітапханаларына барғандар саны 57 миллионға жетті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, тұрақты пайдаланушылар саны 2024 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға өсіп, 5,5 миллионнан асқан.

Ең көп оқырман Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарында тіркелген. Оқырмандар арасында көркем шығармалар, тарих, этнография, психология, медицина және жаңа технологиялар туралы басылымдарға қызығушылық артқан.

Айта кетейік, ел бойынша 3 887 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді.