$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

17.01.2026ж. 17:35
Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Енді алаяқтар тегін электронды кітаптар базасын ұсынып, желі қолданушыларын алдап жүр.

Бот кез келген кітапты ұсынады, онда қысқаша мазмұны жазылады. Желі қолданушысы кітапты таңдаған кезде оған кітап деп файл жібереді. Алайда файлды жазып алғаннан кейін телефондағы құпия сөз, ақша, фото - бәріне қол жеткізетіндей етеді.

Бас прокуратура күмәнді файлдарды орнатпауға шақырды.