$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді

17.01.2026ж. 20:35
Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді
Фото: Polisia.kz.

Алматы полиция департаментінің жедел іс-шаралар нәтижесінде қаланың ойын-сауық орындарының бірінде ас үй қызметкері есірткі заттарын таратты деген күдікпен жұмыс орнында ұсталды. 

Полиция ақпаратынша, санкцияланған жеке тінту барысында күдіктіден ұнтақ тәрізді заттар мен өзіне тән иісі бар өсімдік тектес масса тәркіленді. Аталған заттар психотроптық және есірткі құралдары болуы мүмкін деген болжаммен сараптамаға жіберілді. 

Күдікті ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері оның тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тінту шараларын жүргізді.

Күдікті қамауға алынды.