$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ қызметкерлері жолдағы күрделі жағдайға тап болған екі ер адамды құтқарды

17.01.2026ж. 23:43
ТЖМ қызметкерлері жолдағы күрделі жағдайға тап болған екі ер адамды құтқарды
Фото: ТЖМ

Оқиға Қостанай облысында республикалық маңызы бар «Жезқазған–Арқалық–Петропавл» автожолында, Арқалық қаласынан 20 шақырым жерде орын алды.

 ТЖМ қызметкерлері жоғары өтімді техниканың көмегімен қар құрсауынан екі ер адамды құтқарды. Құтқарушылар, сондай-ақ, олардың көлігін сүйреп шығарып, Арқалық қаласына дейін шығарып салды.

Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.