Жамбыл облысының Шу ауданында ТЖМ құтқарушылары кеше кешке малшыға көмектесу үшін шығып, хабарсыз кеткен әйел адамды іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар, арнайы техника, кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Жоғалған азаматша көрші қожалықтың аумағынан табылды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.