$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында қар құрсауынан 2 адам құтқарылды

Атырау облысында қар құрсауынан 2 адам құтқарылды

112 пультіне Атырау қаласынан 25 шақырым жерде «Атырау – Астрахань» автожолында адамдар отырған көлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел түрде аттанды. Оқиға орнына келген кезде жеңіл автокөліктің қар құрсауында қалып қойғаны, көлікте 2 адам болғаны анықталды.

Лебедканың көмегімен көлік қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге дейін жеткізілді. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ тұрғындардан жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, тас жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.