Атырау облысындағы Теңіз кен орнында болған төтенше жағдайдың жаңа детальдары белгілі болды. «ҚазМұнайГаз» бен «Теңізшевройл» (ТШО) өкілдері зауыттағы өртке қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Ресми мәліметке сүйенсек, бүгін Теңіз аумағындағы ГТЭС-4 нысанында екі бірдей өрт оқиғасы тіркелген. Жалын электр генераторлары мен трансформаторлар маңында тұтанған:
Бірінші оқиға: Алдымен GT-9.3 турбинасының трансформаторы өртенген. Қызметкерлер шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді.
Екінші оқиға: Сағат 11:20 шамасында дәл осы ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.5 турбинасының трансформаторынан екінші өрт шыққан.
ТЖМ мен компанияның апаттық қызметтері екі өртті де жедел түрде сөндірдң. Ең бастысы — зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Төтенше жағдай кезінде зауыт аумағынан 450-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды. ТШО өкілдері қызметкерлердің қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда. «Теңізшевройл» компаниясының өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасуда. Біз болған оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы бағалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деп хабарлады ТШО баспасөз қызметі.
Болған инцидент туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті дереу құлақтандырылды. Мамандар трансформаторлардың не себепті қатарынан істен шыққанын анықтау үшін техникалық сараптама жүргізеді. Әзірге өндіріс көлеміне нұқсан келгені туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетсек, Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан алып Теңіз кен орнында өрт шықты. Тілсіз жау стратегиялық нысан — Үшінші буын зауытының аумағында