Астанада ұрылар қатаң жазалана бастады. Бұл туралы Астана қаласының прокурорлары мәлім етті. Осылайша, қылмыс саны биыл 11 пайызға азайған. Олардың сөзінше, бұл заңдағы «тараптардың татуласуы» деген норманы қолданбағаннан кейін мүмкін болып отыр. Өйткені қолының сұғанағы барлар кешірім алған соң, ескі әуеніне қайта салатын көрінеді. Дәуренбек Бақдәулет қалтаға түскендердің қалай жазаланатынын біліп келді.
Дәуренбек Бақдәулет, тілші:
Қалалық
прокуратура мамандарының сөзінше, қалтаға түсу әдеттегідей адам көп жиналатын
орындар мен қоғамдық көліктерде болады. Ұрлықшының көзіне бірінші түсетіні
әдеттегідей әмиян, сөмке және ұялы телефондар. Сондықтан қоғамдық орындарда
бірінші орында құнды заттарды оңай жерге қоймау керек.
Тек
осы жылдың 6 айында қала тұрғындары мен қонақтарының 1641 телефоны қолды
болған. Тағы 359 адам әмиянын ұрлатыпты. Прокурорлар ұрлық бас қаланың Алматы
мен Сарыарқа ауданында көп тіркелгенін айтады. Ал сол жағалауда қалтаға
түсетіндердің қарасы аздау. Биыл ұзын-саны 10 648 ұрлық тіркелген. Ол өткен
жылмен салыстырғанда 11% аз.
Бауыржан Төлегенов, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі:
Соңғы 5 жылды сараптай келсек, 100 мыңнан астам ұрлық тіркелген. Біз қазір түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бір адам жұрттың кешірімін ала отырып, 5-6 рет ұрлыққа барған. Оларды енді тек бостандығынан айырып қана жөнге салуға болады. Өйтпесе, ол заңсыз кәсібіне тағы кіріседі. Тіпті Астанадағы ұрлықшылар, қазір бас қалада кәсіп жүргізу қауіпті болып кетті деп, бір-біріне айтып отырады екен.
Бұрын
қолды болған затын тапқан адам ұрыны кешіре салса, ол айыппұл төлеумен
құтылатын. Енді прокурорлар ұрланған
заттың қожайынына кешірім бермей, заңды түрде хаттама толтырып, жазалауын
сұрайды. Нәтижесінде сұғанақ темір торға тоғытылады.
Мейірбек
Темірбеков, заңгер:
Соттың
қарауымен 95 жылғы БҚО тумасы 5 жыл бас бостандығынан айырылып, өтеу жасазын
жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.
Мынау
тергеу изоляторы. Қолының сұғанағы бар күдіктілермен тілдестік. Марина мұнда
жиі түседі. Соңғы рет шартты түрде жазаланса, енді 3 жылға дейін қамалуы
мүмкін.
Марина Гулакова, күдікті:
Мен
тағы да осы қылмысқа барғаныма қатты өкінемін. Қазір жазаның ауырлай түскенін
де сезіп отырмын. Бір нәрсені ашық айта аламын. Енді ұрлыққа жоламаспын.
Қазір
Астанада құқық қорғау органдарының базасына тіркелген 226 ұрлықшы бар. Оның
29-ы әйел. Тағы 59 адам өзге өңірлерден келген. Прокурорлар ұрлықтың басым
көбін жасайтын жұмыссыз, жоғарғы білімі жоқ жастар екенін айтып отыр. Олар жыл
басынан бері 10 мыңға жуық ұрлыққа қатысты «тараптардың татуласуына» жол
бермепті.