Гамбург маңындағы Эльбада биіктігі он метрге дейін жететін мұз «айсбергтері» пайда болды.
Гамбургте қыстың сирек кездесетін көрінісін тамашалауға болады. Алып мұз кесектері бірінің үстіне бірі үйіліп, кей жерлерде биіктігі он метрге дейін жеткен. Бұл жағдай жылымық басталғанына қарамастан болып отыр. Өзеннің кейбір бөліктері іс жүзінде өтуге жарамсыз күйге түскен.
Қазіргі уақытта Эльба өзенінде тәулік бойы алты мұзжарғыш кеме жұмыс істеп жатыр. Су және кеме қатынасы басқармасының басшысы Андреас Шульцтің айтуынша, мұндай құбылыс мұнда бұрын-соңды болмаған. Ерекше көрініс көпшіліктің назарын аударуда: адамдар жағалаудан мұз тауларын суретке түсіріп жатыр, ал баяу қозғалған көліктер жолда кептелістер туындата бастаған.
18 қаңтар күні ауа температурасы минус 10 градусқа дейін төмендеп, Эльбаның су ағыны секундына шамамен 300 текше метрге дейін азайған. Бұл мұздың өздігінен қозғалып кетуі үшін жеткіліксіз: мұз өзеннің түбінде пайда болып, кейін қалқып шығып, су бетiн толықтай бөгеп қалған.