$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада түрмеде жазасын өтеп жатқандардың құқығы тапталып келген – прокуратура

19.01.2026ж. 15:09
Астанада түрмеде жазасын өтеп жатқандардың құқығы тапталып келген – прокуратура
Фото: freepik.com

Елордалық прокурорлар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында еңбекақының уақтылы төленбеуі, сотталғандармен жеке еңбек шарттарының дұрыс жасалмауы, сондай-ақ жұмысқа тартылған сотталғандарды еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақыты нормасынан тыс (тәулігіне 12 сағаттан артық) пайдалану деректері анықталды.

Қадағалау актісі бойынша 13 сотталғанға Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес үстеме жұмыс уақыты үшін еңбекақы төленді.

«Еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сотталғандардың құқықтарын сақтауға бағытталған қадағалау іс-шаралары жалғасуда», – делінген прокуратура хабарламасында.