Алматыда білім беру ұйымдары күшейтілген қатаң бақылауға алынды. Себебі, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Мектептерде теракт дайындалып жатыр» деген қауесет тарады. Хабарламаларда қару-жарақтың суреттері мен қаладағы бірнеше оқу орнының нөмірлері көрсетілген. «Террористік актілер ұйымдастырылуда» дегенді естіген кейбір ата-ана бүгін балаларын сабақтан қалдыруға мәжбүр болған.
БЛИЦ:
- Бұл – салдары қауіпті іс. Осы жалған ақпараттың кесірінен қаншама ата-ана мен оқушы үрейленіп, уайымдап қалды. Балаларымның сақтығы үшін мектепке жібермеуге тура келді. Егер бұл фейкті таратқан жасөспірімдердің өзі болса, оларға мұның дұрыс емес екенін түсіндіру керек.
- Иә, ол жайында естідік кеше. Содан кейін ата-анам інім мен сіңілімді сабаққа жібермей қойды. Жаңа кіріп қарасақ, өтірік боп шықты.
Әзірге күдіктінің кім екені анықталған жоқ. Қазіргі таңда жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша жедел іздестіру бөлімшелерінің қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізіп жатыр.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бұл шындыққа жанаспайтын мәлімет. Бұл – жалған ақпарат. Оны таратқан адам, шығарған адам міндетті түрде жауапкершілікке тартылатын болады. Қазіргі таңда қаладамыздағы мектептердегі ахуал тұрақты және бақылауда. Балалар және мұғалімдердің қауіпсіздігіне еш қауіп жоқ.