$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда 16 адам аяқ-қолынан айырылды

19.01.2026ж. 19:00
Павлодарда 16 адам аяқ-қолынан айырылды

Павлодарда қыс басталғалы 29 адамды үсік шалды. Оның 16-сының аяқ қолын кесуге тура келген.  Арасында балалар да бар. Железин ауданынан 1 жарым жасар бала жеткізілген. Бүлдіршіннің  саусақтарын үсіп қалған.  Қазір  ауруханада ем қабылдап жатыр. Ақ халаттылар науқастың жағдайы тұрақты екені айтады. Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккендердің дені - үй күйі жоқ қаңғысбастар мен мас күйде далада ұйықтап қалғандар. 

АСХАТ МҮРСӘЛІМОВ, ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ КҮЙІК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қатты аязда емханаға келіп, қайтар жолда науқастың басы айналып, аялдама жанында құлап қалыпты. Далада қанша уақыт жатып қалғаны белгісіз. Аяқ қолы үсіп кеткен. Жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайы ауыр.