$541.34 €640.73 ₽6.53
×

МӘМС ақшасын жымқырып, 124 үй сатып алған

МӘМС ақшасын жымқырып, 124 үй сатып алған

МӘМС-тің ақшасы емхана басшыларының жеке мүлкіне жұмсалған. Салық органдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты былықтың бетін ашты. Соңғы бір жылдың өзінде қор қаражатына бір басшы 52 үй сатып алса, енді бірі 124 пәтерді атына рәсімдеген. Содан құзырлылар әрбір науқас үшін бюджеттен ақша алатын жеке клиника басшыларының табысы мен мүлкіне талдау жүргізген. Нәтижесінде 1 мың 465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісін сатып алғанын, ал 912 адам 1 мың 416 автокөлік иеленгені белгілі болған.