Ертең алғашқы астана Қызылордада Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтеді. Сыр бойындағы жиында Президент сөз сөйлеп, елдің келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады. Алқалы кездесу бұған дейін Ұлытау, Түркістан, Атырау мен Бурабайда ұйымдастырылған. Бұл туралы Президенттің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлады.