$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер бірқатар салық түрінен босатылды

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер бірқатар салық түрінен босатылды

Елімізде 2 мыңнан астам салық төлеуші кәсіпорын мен жеке тұлға тіркелген. Бірақ олардың ішінде заңнамадағы олқылықтарды пайдаланып, бизнесін бөлшектеп, салықтан жалтарғандары көп. Президент төртінші құрылтайда осындай көлеңкелі кәсіппен айналысып, заңсыздыққа жол бергендердің жолын кесетін жаңа реформа құруға тапсырма берген. Ал таза пайдасынан тиісті үлесін мемлекет қазынансына адал аударғандар артықшылыққа ие болады деп мәлімдеген. Осыған орай қабылданған жаңа кодекс шағын бизнес үшін бірыңғай режим ұсынды. Бұрынғы жеңілдетілген декларация мен бөлшек салығы біріктірілді.  Жылдық табыс айналымы 600 айлық есептік көрсеткіштен аспайтындар қосымша құн салығы мен әлеуметтік салықтан босатылды.

ҒАЛИЯ ЖОЛБАРЫСОВА, САЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ:

Бұл режимді қолданатын шаруа және фермер қожалықтары өзінің айналымынан түскен жеке табысын тек қана 0,5 пайызын мемлекетке төлейді. Яғни, бұл дегеніміз біздің ауыл шаруашылығы саласына жасалынып отырған үлкен мүмкіндік. Бұл кодекс бойынша бұл режимді қолданатын біздің ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлеріміз өзінің жер участкелері үшін жер салықтарын төлеуден босатылған. Көлік салығын, мүлік салығын төлеуден босатылған.