$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Боран соғып, аяз болады

19.01.2026ж. 18:31
Боран соғып, аяз болады
Фото: pexels

2026 жылғы 20 қаңтар, сейсенбіде Қазақстандағы ауа райы атмосфералық фронттардың әсерінен қалыптасады. 

Сонымен, метеорологтар ұсынған ақпаратқа сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қар жауады, ал солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.

Сонымен қатар, республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұман, көктайғақ және желдің күшеюі жатқызылады, бірқатар өңірде жолдар жабылуы мүмкін.

Мысалы, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында сынап бағаны -40°C дейін төмендейді.

Ал Жетісу облысының солтүстік және таулы аудандарында ауа температурасы: -22...-27°C, ал Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны -22°C шамасында болады.