$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда өрттен зардап шеккен отбасыға «AMANAT» партиясы көмек көрсетті

19.01.2026ж. 19:00
Оралда өрттен зардап шеккен отбасыға «AMANAT» партиясы көмек көрсетті

Оралда тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға «AMANAT» партиясы көмек көрсетті. 29 желтоқсанда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, Екатерина Есмағұлова отбасымен қыстың қақаған аязында баспанасыз қалған. Амалы таусылған әйел көмек сұрап қоғамдық қабылдауға келді. Облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов пен «AMANAT» партиясының белсенді мүшелері мәселеге бей-жай қарамай, «Ыстық жүрек» жеке қайырымдылық қоры арқылы зардап шеккен жанұяға 5 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

ЕКАТЕРИНА ЕСМАҒҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Рақмет айтқым келеді. Сондай қиын жағдайда бізге көп адам көмектесті. Әрине, біз күткен болатынбыз осындай көмекті. Осы сәтте дым ойламай, түнде ұйықтай алмай, «не істейміз, қайда барамыз» деп, бізде дым жоқ, жалаңаш шықтық үйден. Бірақ аман-саумыз.

«Ыстық жүрек» қайырымдылық қоры 2024 жылы Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында құрылған. Қор қызмет еткен екі жылға жуық уақыт ішінде 130 миллион теңге көлемінде қаражат жиналып, су тасқыны кезінде 320 отбасының екі айлық пәтерақысы төленіп, 3 отбасыға жаңа пәтер сатып алынды. Ал, қоғамдық қабылдау бөлмесіне былтыр  3700 өтініш келіп түсті. Оның 46% оң шешім тапты.

ТҰРАРБЕК ТІЛЕМІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

320 отбасына 200 мыңнан 2 айға пәтерді жалға алуға біздер ақша бердік. Одан бөлек 50 миллионға екі отбасына 25 миллионнан үй алып бердік. Осының бәрін «AMANAT» партиясы істеді.