$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлттық құрылтайда айтылған әрбір ұсыныс зерделеніп, қорытынды жасалады

19.01.2026ж. 19:00
Ұлттық құрылтайда айтылған әрбір ұсыныс зерделеніп, қорытынды жасалады

Қызылордада V Ұлттық құрылтайдың бүгін секциялық отырыстары өтті. Оған әр өңірден келген 100-ден астам мүшесі қатысты.  Жиналғандар әлеуметтік-мәдени бағыттағы мәселелер мен экономикалық даму, білім және ғылым саласы, азаматтық қоғам аясындағы мәселелерді талқылады.  Барлық  ұсыныс арнайы хаттамаға енгізіледі. 

АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ-МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Барлық ұсыныстар Ұлттық құрылтайдың хатшылығы арқылы мұқият зерделеніп тиісті қорытындылар жасалады. Жалпы Президент тапсырмаларын орындау барысында, Ұлттық құрылтай аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінгі жиында да айтылған әрбір ұсыныстар мемлекет дамуына үлес қосады деп сенемін.

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Самат Нұртаза көптен көкейде жүрген мәселесін мінберде жеткізді. Айтуынша, білім ошақтары мен ауруханалардағы қарапайым қызметкерлердің айлығы мардымсыз. Себебі мұғалім мен дәрігердің жалақысы өскенде олар ескерусіз қалады дейді.

САМАТ НҰРТАЗА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Көбінесе мектептеп пен ауруханада жалақыны көтергенде біз тек мұғалім мен дәрігер бар сияқты деп ойлаймыз. Ал шын мәнінде санитарка бар, шопыр бар жедел жәрдемнің немесе психолог бар. Мектеті күзететін ағай бар деген секілді. Оны ұмытып қаламыз.