Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік бағытын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төрт отырысы барысында айтқан бастамаларын жүзеге асыру елді трансформациялаудың негізгі тетіктерінің бірі болды. Бастамаларды нақты жүзеге асыру үшін заңнамалық база қамтамасыз етілді, 26 заң қабылданды.
Инфрақұрылымды дамыту
Өңірлердегі сапалы өзгерістердің негізі – теңгерімсіздіктерді жою және экономикалық жобаларды жүзеге асыру. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларына сәйкес Үкімет көлік дәліздерін дамытуға және инженерлік желілерді жаңғыртуға назар аударды, бұл азаматтардың іскерлік белсенділігі мен тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді.
Президент тапсырмасын орындау аясында «Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз» автомобиль жолының құрылысы басталды. Ұзындығы 896 шақырым бұл жоба орталық өңірлердің Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығуын қамтамасыз етеді. Жалпы құны – 1,1 трлн теңге.
Шағын қалалардың көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасы орындалуда. Қалада ұзақ уақыт бойы тікелей әуе қатынасы болған жоқ, өйткені жергілікті әуе айлағы 1992 жылдан бері жұмыс істемеді. Әуежайды іске қосу үшін ұшу-қону жолағын реконструкциялауға және жаңа терминал салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,5 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылға жоспарланған.
Өмір сапасының негізгі факторы тұрғын үй мен энергия ресурстарының қолжетімділігі болып қала береді. 2025 жылы «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы аясында 8,5 мыңнан астам қарыз берілді. (2024 жылдан бастап 16,3 мың қарыз берілді)
Өңірлерді газдандыруға 2024 жылы 112,4 млрд теңге бағытталды, 2 мың шақырымнан астам желі салынды.
«Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры құрылысының мерзімінен 1 жыл 4 ай бұрын аяқталуы энергетика секторындағы маңызды оқиға болды. Оны іске қосу Жетісу облысының 84 елді мекенін табиғи отынмен қамтамасыз етуге және өңірді газдандыру деңгейін 76%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Адами капитал және жаңа идеология
Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы Құрылтайдың II және IV отырыстарында Президент айқындап берген «Адал азамат» тұғырнамасы негізінде жүргізілуде.
Тәсілдерді жаңарту үшін тәрбие жұмысы трансформацияланды:
Тарихи жадыны сақтауға және зиялы қауымды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. I және II отырыстардың бастамалары жүзеге асырылды:
Адал еңбек идеологиясының жалғасында III отырыстың (Атырау) тапсырмасы орындалды: 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Еліміздің марапаттау жүйесіне өндірістік мамандықтардың өкілдері үшін 9 жаңа құрметті атақ енгізілді.
Әлеуметтік инклюзия және білім беру нысандары
«Адал азамат» қағидаты әрбір қазақстандық үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейді. Мемлекет басшысының IV отырыста берген тапсырмаларын орындау мақсатында Үкімет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы» заң жобасын әзірледі.
Құжат Мәжілістің қарауында. Жоба үш негізгі мәселені шешуге бағыттылған:
Балалық шақ саласын жүйелі дамыту мақсатында «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді. Құжат төрт негізгі бағытқа негізделген: баланың қауіпсіздікке, білімге, денсаулыққа, әлеуметтік қорғауға және отбасына құқығы. Жоба балалардың құқықтарын қорғауды ретке келтіреді және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын жолға қоюға мүмкіндік береді. Бұл әр балаға тең қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, зорлық-зомбылық пен буллингтің салдарымен күресуден гөрі олардың ерте бестан алдын алуға көмектеседі.
Осы жұмыс аясында 10 553 білім беру ұйымы қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған
Сонымен қатар оқушы орындарының тапшылығын жою бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. 2025 жылы 267 мың орынға арналған 232 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 2025 жылы:
Қоғамдық қауіпсіздік және заң үстемдігі
Қоғамның тұрақты дамуының кепілі – «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау. Құрылтайдың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде заңнамалық шаралар пакеті қабылданды:
Мәдениет, спорт және туризм
Мемлекет басшысының IV отырыс барысында шетелде мәдени қатысу туралы берген тапсырмасына сәйкес Бейжіңде «Қазақстанның мәдени орталығы» ашылды. Мәскеуде осындай орталықты ашу мәселесі пысықталуда.
Анимация саласында «Қиял vs қадам» және «Бәйтерек туралы аңыз» фильмдері мемлекеттік қолдауға ие болды. 43 анимациялық шығарма YouTube платформасында жарияланды.
2019 жылдан бері алғаш рет 5 толықметражды мультфильм шықты («Алтын адам», «Желаяқ», «Шоқан. Қашқария сапары», «Адам. Нартәуекел», «Тоқты мен Серке»).
Сонымен қатар тамыз айында Ақтауда «Үркер» Халықаралық қысқаметражды анимация фестивалі өтті, онда «Алтын көл» анимациялық фильмі бас жүлдені еншіледі, сондай-ақ «Тұран» туындысы «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясына ұсынылды.
Спорт саласында коммерцияландыру және бюджеттік қаражаттың үлесін қысқарту бағыты жүзеге асырылуда.
Жекешелендірілген футбол клубтары:
2025 жылы 15 желтоқсанда Көкшетауда құны 13,6 млрд теңге болатын көпфункционалды спорт кешені пайдалануға берілді. Арнаулы мемлекеттік қор есебінен құрылысты қаржыландыру мәселесі пысықталды: жобаның 13,6 млрд теңгені құрайтын жалпы құнының 12,6 млрд теңгесі дәл осы көзден бөлінді.
Цифрландыру
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларына сәйкес Үкімет мемлекеттік басқару мен қаржы секторын ауқымды технологиялық жаңғыртуға кірісті.