$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Депутаттар пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады – Президент

20.01.2026ж. 13:45
Депутаттар пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады – Президент
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойламын. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

-Ұсыныстардың үшінші бөлігі жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы болды. Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді, сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін. Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойламын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.