$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Zn (мырыш)» коллекциялық монетасы сатылымға шықты

20.01.2026ж. 20:17
«Zn (мырыш)» коллекциялық монетасы сатылымға шықты
фото: gov.kz

Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясымен шыққан «Zn (Мырыш)» жаңа коллекциялық монетасын таныстырды.

Мырыш қондырмасы бар 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның номиналы 1 000 теңге.

925 сынамалы күмістен соғылған монетаның мырыш қондырмасы бар. Монетаның массасы 32,5 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – black-proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.