Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының инсульт бөлімшесінде өткен жылы ми қан айналымы жіті бұзылған 53 мыңнан астам пациент емделді.
Инсульт - мүгедектік пен өлімнің негізгі себептерінің бірі. Сондықтан инсульт көмегін дамыту және оның қолжетімділігін арттыру біз үшін басымдық болып қала береді.
Қанша пациент емделді:
МҚАЖБ жағдайларының жалпы саны
2025 жыл-53 000-нан астам пациент
Геморрагиялық инсульт
2025 жыл-10 000-нан астам жағдай
Ишемиялық инсульт
2025 жыл-41 000-нан астам жағдай
Емделген пациенттер санының өсуі - бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі: инсульт орталықтарын дамыту, емдеудің заманауи хаттамаларын енгізу, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және пациенттерді бағыттауды күшейту.