$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ассамблеяның орнына Халық кеңесі құрылады

20.01.2026ж. 14:13
Ассамблеяның орнына Халық кеңесі құрылады
фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттегі өзгерістер жайлы айтты. 

Ассамблеяның орнына Қазақстанның халық кеңесі құрылатын болды. Оның құрамында 126 адам болады.

Қазақстанның халық кеңесі елдің жоғары консультациялық органы мәртебесіне ие болады.

«Квота – барлық этникалық және қоғамдық топтардың мүддесін ескеретін әлеуметтік әділеттіліктің айқын көрінісі. Сондықтан бұл квоталарды алдағы уақытта да сақтауды ұсынамын», – деді Тоқаев.

Жаңа Парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы мүмкін, ал комитет саны сегізден аспайды.Жаңа Парламентте депутаттар 5 жылға сайланады.