$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Абай облысында рұқсатсыз қоқыс орындары жойылды

20.01.2026ж. 16:00
Абай облысында рұқсатсыз қоқыс орындары жойылды
фото: gov.kz

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Семей қаласының, сондай-ақ Бесқарағай, Бородулиха, Жаңасемей және Аягөз аудандарының аумақтарында қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың 191 орнын анықтады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша барлық рұқсатсыз қоқыс орындары жойылды.

Жіберілген заңбұзушылықтар үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері және Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қатарынан лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы аталған саладағы іс-шараларды жалғастырады.