$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Халық кеңесі қандай мәселелерге басымдық береді?

AstanaTV
20.01.2026ж. 19:00
Халық кеңесі қандай мәселелерге басымдық береді?

Жаңадан құрылатын Халық Кеңесі өз мәні бойынша басқа елдердің консультативтік құрылымдарының тәжірибесін сіңірген   мемлекеттік орган болады. Онда барлық этнос, ұлыстар мен аймақтар өкілдік алады. Құрылым  қандай мәселелерге басымдық береді? Студияға  Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы Жанар Нақыпбаеваны шақырдық.

Жанар ханым, қош келдіңіз!

Сәлеметсіздер ме?!

Енді бүгін сізге өте маңызды сұрақтар қойғымыз келіп отыр алдымен Президент Ұлттық Құрылтайда Қазақстан халық Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтай орнына Халық Кеңесін құруды ұсынды. Мұндай өзгеріс жасауға не түрткі болуы мүмкін?

ЖАНАР НАҚЫПБАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРДІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Жалпы енді бұл сұрағыңыздың жауабын президентіміздің өзі де осы ұлттық құрылтай барысында атап өтті, екі қоғамдық институт деп атасақта болады, осы екі қоғамдық институт өздерінің қызметтік жауапкершіліктерін жоғары деңгейде атқарды сәтті атқарды деген баға берілді, енді менің ойымша бұл жердегі негізгі идея осы екі қоғамдық институттың өзіңіз білесіз ол жерде мықты эксперттер отыр, мықты жаңағы ассамблеяның өзініңде ресустары бар потенциалдары бар менің ойымша осы екі қоғамдық институтты біріктіріп осы потенциалды ресурстарын нығайту және бір оңтайландыру себебі деп ойлаймын яғни екі институттыңда қоғамдық институттардың қызметтері сақталып қалатындығы туралы айтты ол жаңағы этнос аралық салада конфессия аралық салада жұмыстарын жалғастыратыны туралы, яғни екі институттыңда өзінің белгілі бір қызметтері болды осы уақытқа дейін атқарған, оның барлығы сақталады дегенменде бұл ортақ күштерді ортақ ресустарды біріктіру және де жаңа бір леппен жаңа бір жаңағы күшпенен алға жылжу жаңа шешімдерді , енді президентіміздің өзі де айтты ғой біз жаңашылдықтардан қорықпауымыз керек біз жаңа шешімдермен алға жылжыуымыз керек деп сондықтан да осындай жаңа шешімдерді табуға бағытталатын бір институт болады деген мәселе деп ойлаймын.

Иә бұл шешімдер негізінен қоғамымызға үлкен серпіліс әкелуі мүмкін десекте осы Халық Кеңесі қандай бағыттарды қамту керек? Қандай мәселелерге басымдық беруі тиіс деп ойлайсыз?

ЖАНАР НАҚЫПБАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРДІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Негізі бүгінгі ұлттық құрылтай өзіңізде байқаған болсаңыз барлық, тек қана жаңашылдықтарды ғана атап өткен жоқ, сондай-ақ барлығының нүктесі нақты қойылып жауапкершіліктері қызметтері анықталып аталып өтті, мысалы әрбір реформалардың өзінің бағыты көрсетілді дегендейиә мысалыға бұл жерде осы халық кеңесінің бағыттары нақты аталып өтті ол бірінші жаңа атап өткенімізде этнос аралық конфессия аралық қарым қатынастарды нығайту, жалпы енді президентіміз бұл біздің тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайту біздің негізгі мақсатымыз деп атап өтті ғой  осының аясында негізгі атқарылатын жұмыстар бұл жаңа айтқандай этнос аралық сала конфессия аралық саладағы жұмыстарымызды нығайту одан кейін енді осы халық кеңесі ол жалпы осы заңнамалық инсативаға да ие болады деп атап өттік ол дегеніміз жаңағы заңдарға қатысты ұсыныс жасау жәнеде ішкі саясатқа мемлекеттік идеологияға да қатысты жұмыстарды атқару деп нақтылап көрсетіп кетті негізгі функционалдық жауапкершіліктерін.

Тамаш түсінікті, енді осы Халық Кеңесі елдегі әлеуметтік шиеленісті, қоғам арасындағы қатынасты реттейтін органға айналады деп толық сеніммен айта аласыз ба?

ЖАНАР НАҚЫПБАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРДІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Әрине негізгі бұл осы халық кеңесіне атқарылып отырған жауапкершілік жаңа олар туралы атап өттік қой иә негізі осындай ауқымды мәселелер туындауы мүмкін деген салаларды қамтып отыр ғой сондықтанда әрине ішкі саясатта болсын бүгін президентіміздің өзі көптеген мәселелердің басын ашып айтып өтіп кетті менің ойымша қоғамда мысалы триггер болып табылатын барлық мәселелерді шешуге біріншіден бұл құрылып жатқан халық кеңесінің күші де потенциалы да жеткілікті болады және ресурстары да жеткілікті және де сонымен қатар оның жаңағыдай жоғары консультативті кеңес болып табылады деді ғой яғни оның соынмен қатар стаусы да мәртебесі де жеткілікті болады деп санаймын.

Тамаша, Жанар ханым енді студиямызға келіп пікіріңізбен бөқліскеніңізге рахмет алғыс білдіреміз. Қымбатты көрермен біз хабарымызды әрі қарай жалғастырамыз.