$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін», - Президент

«Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін», - Президент

Келелі жиында ел дамуына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Ұлттық құрылтайдың  ерекшелігі де осында –  әлеуметтік-экономикалық бағыттан бөлек, идеологиялық әрі тәрбиелік маңызы жоғары тақырыптар талқыланады. Ғылым-білім, мәдениет-өркениет жайы  сөз болды.  Сондай-ақ, Президент «Қызылордаға келіп, Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес» деді. Кіші Аралдың қалпына келуі Сыр өңірін одан әрі көркейтпек.  

Аралды құтқару – барша адамзат үшін өте өзекті міндет.  Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық,-деді Президент.  Қашқан теңіз қайтып, кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды. Қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады.

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Қабылданған шешімдерге байланысты су Аралға келіп жатыр. Осы жұмысты жүйелі әрі қарай да жалғастыруымыз керек. Оған тиісті қаражат бөлініп отыру керек. Сол арқылы Аралды біз сақтап қаламыз. Аралдың апаты кезінде үлкен жағдайға әкелген. Ондайға біз апармауымыз керек. Ол жақта халық тұрып жатыр.

Мемлекет басшысы су мәселесімен жүйелі түрде айналысу керек екенін айтты. Былтыр  Қасым-Жомарт Тоқаев  БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынған болатын.  Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесі талқыланбақ.  

Сондай-ақ, елімізде білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салынады. Себебі адам капиталының сапасын арттыру - айрықша маңызды міндет. Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз. Бұл шешім бүкіл мемлекеттік аппаратқа нақты міндет жүктеп отыр. Бұл - стратегиялық міндет.

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ "АМАNАТ" ПАРТИЯ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Белгілі бір алаңдарда ғана ұйымдастыратын мәселесінде емес, ол түпкілікті жастардың ойлау қабілеті, мемлекеттік бүкіл құрылымдардың халықпен жұмыс істеудегі ашықтығы және де ыңғайлы жұмыс жасау стилін, механизмін енгізу мәселесі. Биылғы жылды Жасанды интеллект және цифрландыру жылы деп атауы бұл бағытта үлкен қабамдар жасалады.

Шымкентте кісі қолынан көз жұмған 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты  Ұлттық құрылтайға 130-дан аса өтініш-хат келіп түскен. «Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс» деген Президент бұл мәселені қатаң бақылауды Бас прокурорға тапсырды.

АҚНҰР ИМАНҚҰЛ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Қыз алып қашуға қатысты пікірін бұл мәселенің жеке мәселеден қоғамдық мәселеге айналғаны ретінде бағалаймыз. Соңғы болып жатқан оқиғалар да бұны дәлелдеп отыр. 

Құрылтайда ел үшін маңызды, өзекті мәселелердің бәрі қамтылды деуге болады. Ал Қызылорданың даму қарқыны келген қонақтардың ғана емес, Мемлекет басшысының да жоғары бағасына ие болды. Айнадай таза көшелер, халықтың еңбекқорлығы көпті сүйсінткен.  «Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін» деді Президент. Сыр жағасындағы, тарихы терең қала құрылтай мүшелеріне де жақсы әсер қалдырған. 

МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Соңғы – 1-2 жылдық ішінде қаншама нысан салынды. Әуежайдан түскеннен бастап көңіл-күйің көтеріледі. Жаңа әужай, жаңа стадион салынды. Жолдары қалай және бір қоқым жоқ. «Таза Қазақстан» деп ұрандатамыз Қызылордада бұрыннан басталып кеткен тәрізді. Ауылдарға барсаңыз да тап-таза.

Жалпы өткен жыл еліміз үшін табысты болды. Экономика 6,5 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты. Ал жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш.