$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

20.01.2026ж. 18:36
Жамбыл облысында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Бүгін Жамбыл облысының 112 пультіне 17 қаңтар күні таңертең ер адамның атпен мал жаюға шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсті. Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жедел түрде ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Іздестіру шаралары қолжетімділігі қиын далалық аумақта ұшқышсыз ұшу аппараттары мен кинологиялық есептопты қолдана отырып жүргізілді. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ер адам шаруа қожалығынан 15 шақырым қашықтықта табылды. Анықталғандай, ол осы күндердің барлығын далада малмен бірге өткізген.

Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ тұрғындарға алыс жолға шығу немесе мал бағуға бару кезінде жақындарын алдын ала хабардар етіп, ауа райы мен жер бедерінің ерекшеліктерін ескеруді еске салады.