$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда дербес деректерді жаппай таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды

21.01.2026ж. 13:44
Қазақстанда дербес деректерді жаппай таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды
фото: pixabay

Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин осылай деді.

«Біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада «нөлдік төзімділік» саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 АЕК-ке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен, қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз», - деп атап өтті вице-министр.