$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Қызылорда – Жезқазған" жолы биыл ашылады

21.01.2026ж. 15:00
"Қызылорда – Жезқазған" жолы биыл ашылады
фото: pixabay

Биыл жаңа теміржол желілерінің құрылысы аяқталады, ал Қызылорда – Жезқазған автожолындағы қозғалыс 2026 жылдың соңына дейін ашылады. Ұлттық құрылтайда берілген Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады.

Оның айтуынша, биыл Қызылжар – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал желілері салынады, сондай-ақ Алтынкөл – Жетіген және Жезқазған – Сексеуіл учаскелерін жаңғырту аяқталады. Вокзалдарды реконструкциялау жұмыстары да жалғасады.

Автожолдар саласында 2026 жылдың соңына дейін Қызылорда – Жезқазған учаскесінде қозғалысты ашу жоспарлануда. Биыл Қызылорда – Ақтөбе төрт жолақты магистралінің құрылысы басталады. Екінші жартыжылдықта Қарағанды – Жезқазған жобалары мен Сарыағашты айналып өту жолының жұмыстары басталады.

Авиация саласы бойынша Венаға, Токиоға, Римге, Нью-Йоркке және тағы басқа бағыттар бойынша рейстер ашылады деп жоспарлануда. Жүк авиатасымалдаушыларды тарту үшін Fedex, UPS, Cargolux сияқты ірі шетелдік авиакомпаниялармен жұмыс жүргізілуде.

Жалпы бұл салада көрсеткіштер оң динамикасын көрсетіп отыр: авиа жүк өндеуі өсуде. Өткен жылы жүк өндеу 173 мың тоннаға жетті, осы аймақтағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл бағытта жұмысты күшейтеміз, - деді министр.