$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан трансшекаралық өзендердегі су бөлу келісімін әзірлеуде

AstanaTV
21.01.2026ж. 19:00
Қазақстан трансшекаралық өзендердегі су бөлу келісімін әзірлеуде

Қазақстан үшін трансшекаралық су ресурстары - тұрақты дамудың маңызды бағыттарының бірі. Ел аумағында қалыптасатын судың едәуір бөлігі көршілес мемлекеттерден келетін өзендер арқылы толықтырылады. Ресеймен бірлескен комиссиялар Ертіс, Есіл, Тобыл және Жайық өзендері бассейндерінде жұмыс істеп, су тасқыны мен көктемгі тасқындарды басқару мәселелерін үйлестіріп отыр. Ал Қытаймен Үлкен Ұласты өзенінде бірлескен су бөлу нысанын салу жөнінде келісімге келді.

НҰРЛАН АЛДАМЖАРОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазіргі уақытта біз ынтымақтастықтың жауапты кезеңіне – трансшекаралық өзендерде суды бөлу бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтері арасындағы Келісім жобасын әзірлеудеміз. Бүгінгі күнге дейін жұмысшы топтың 15 отырысы өтті.