Қараусыз бос жатқан кеңістіктер саябаққа айналады. Ақтөбеде биыл 26 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр. Осыған орай студенттер арасында жобалар байқауы өтті. Жобаларды тәжірибелі сәулетшілер бағалады. Жеңімпаздарға 200 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақылар табысталды.
АЗАМАТ БЕКЕТ, ҚАЛА ӘКІМІ:
Бұл жұмыстар, әрине ең бірінші жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен, өз қаражат есебінен.Бұл жұмыстар ары қарай жалғасын табатын болады. Бұл шара екі бөліктен тұрады. Біріншісі-ескі саябақтарды абаттандыру және реставрациялау және де жаңа қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру болып табылады.
Қазір 26 саябақтың эскиздік жобасы дайын . Проектілер жергілікті демеушілерге табысталмақ. Белсенді кәсіпкерлер де жоқ емес. Мәселен, Аслан Асқарұлы осыдан үш жыл бұрын 70 млн теңгеге сквер салса, былтыр туған қаласына 250 млн теңгеге саябақ сыйлады.Биыл да қатыспақ.
АСЛАН АСҚАРҰЛЫ, КӘСІПКЕР:
Қазіргі таңда Маресьев және Мир қиылысфында орналасқан саябақ болатын. Сол саябақты абаттандыру бойынша биылғы таңда да бастамаға қолдау біәлдіріп өзіміздің үлесімізді қосқалы жатырмыз. Және де бұл бізге бір мүмкіншілік. Біз әрқашан да өзіміз облысымызға, қаламызға, «Туған жерге туыңды тік», дейді ғой. Сол мақсатта өзіміздің қаламыздың көркеюі үшін барынша атсалысамыз деген ниеттеміз.