Қостанай облысында жасанды ұрықтандыру жолымен 391 бала жарық дүние Е есігін ашты. «Аңсаған сәби» экстракорпоралдық ұрықтандыру мемлекеттік бағдарламасы аймақтағы жүздеген отбасыға үміт беріп, балалы болуға жол ашты. Төрт жылдың ішінде төрт жүзге жуық сәби дүниеге келді. Биыл 261 анаға квота бөлініп отыр.Бұл былтырмен салыстырғанда 58-ге артық. Бұл күні облыс бойынша 271 адам жасанды жолмен ұрықтандыру бағдарламасымен ұрпақ сүю мақсатында кезекте тұр.
ӘСЕЛ ФАЙЗУЛЛИНА, ЭКҰ БОЙЫНША ШТАТТАН ТЫС БАС МАМАН:
Квотаны жүз пайыз игеріп келеміз. Бұл бағыттағы жұмыс күн сайын жүргізіліп жатыр. 4 жыл ішінде 500- ден астам әйел жүкті болып, соның төрт жүзге жуығы босанды. Бұл бағдарлама еліміздің демографиялық әлеуетінің жақсаруына үлкен үлес қосып отыр. Бағдарлама арқасында балалы болған адамдардың қуанышында шек жоқ.