Атырау облысында 2021–2025 жылдар аралығында «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы аясында экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасы арқылы 500-ге жуық әйел босанып, сәби сүю арманы орындалған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, бұл бағдарламаның көмегімен 2021 жылы 154, 2022 жылы 131 әйел ана атанған. Ал 2023 жылы 98, 2024 жылы 84 келіншек босанған.