Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 9 қаңтарында қол қойған және 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес, әзірленетін және түзетілетін барлық қала құрылысы жобаларына, оның ішінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына (ЕЖЖ) міндетті түрде сараптама жүргізу талап етіледі.
Бұл шара қателіктерді ерте кезеңде анықтауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, деректерді өзектендіруге және құжаттардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын түзету екі жылда бір реттен жиі жүргізілмейді.