$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

21.01.2026ж. 21:34
Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Комиссия Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеп, қоғамдық пікірді зерттеумен айналысады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тарта отырып, ашық диалог алаңын қалыптастыруды көздейді.

Жаңа орган Мемлекет басшысының жанынан жұмыс істейді және Конституцияны жаңғыртуға қатысты нақты ұсыныстар дайындайды.

Комиссия төрағалығына Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова тағайындалды. Оның орынбасарлары ретінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бекітілді.

Ал хатшылық міндет Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімін басқаратын Айдар Жарылғановқа жүктелді.