Алакөл ауданындағы Ақши ауылының маңында ТЖМ құтқарушылары Алакөл көлінде профилактикалық іс-шара жүргізіп жатқан кезде қамыстың арасынан жарақат алған аққуды байқап, бейжай өте алмады.
Олар құсты абайлап алып шығып, жылытып, тамақтандырып, содан кейін Үшарал қаласындағы ветеринар мамандарға тапсырды. Мамандар тексеру барысында аққудың сол жақ қанаты сынғанын анықтады.
Аққу қанаттарын баяу қимылдатып, көмегі үшін құтқарушыларға алғыс айтқандай болды.