$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанның ұлттық павильоны Bett UK 2026 халықаралық көрмесінде таныстырылды

22.01.2026ж. 14:36
Қазақстанның ұлттық павильоны Bett UK 2026 халықаралық көрмесінде таныстырылды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританиядағы Bett UK 2026 халықаралық көрмесіне қатысып, сондай-ақ жетекші университеттер, ғылыми орталықтар мен әлемдік технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Бірінші күннің басты оқиғасы министрдің Bett UK 2026 – Leading EdTech көрмесіне қатысуы болды. Бұл – білім беру технологиялары саласындағы ең ірі халықаралық платформалардың бірі.

21 қаңтарда Лондонда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыруымен Қазақстанның ұлттық павильонының ашылу рәсімі өтті. Ұлттық павильон жоғары және одан кейінгі білім жүйесін дамытудағы басым бағыттарды көрсетуге арналған алаңға айналды.