$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада балалар арасында қызылша өршіп тұр

22.01.2026ж. 15:04
Астанада балалар арасында қызылша өршіп тұр
фото: pixabay

Астанада қызылша ауруы балалар арасында әлі өршіп тұр. Бұл туралы қаладағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айгүл Шағалтаева айтты. 

Жыл басынан бері  қалада  қызылшаның 384 бастапқы жағдайы тіркелген. Оның 234-і, яғни 61 пайызы зертханалық тұрғыда расталған. Расталған жағдайлар бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 14,8-ді құрап отыр. Науқастардың басым бөлігі – балалар. Атап айтқанда, расталған 234 жағдайдың 218-і немесе 93,2 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған.

Мамандар қызылшаның балалар үшін жеңіл өтетін ауру емес екенін ескертеді. Бұл – ең жұқпалы вирустық аурулардың бірі. Науқаспен байланыста болған қорғалмаған адамдардың 90-95 пайызы жұқтыруы мүмкін.