$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда алғаш рет миды терең ынталандыру операциясы жасалды

22.01.2026ж. 21:43
Алматыда алғаш рет миды терең ынталандыру операциясы жасалды
фото: pixabay

Алматы қаласының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында қозғалыс бұзылысы бар 15 жастағы науқасқа миды терең ынталандыру бойынша жоғары технологиялық операциясы сәтті жасалды. Оған сирек кездесетін генетикалық ауру - 1 типті дофа-сезімтал дистония диагнозы қойылған.

Операция кезінде терең электродтарды стереотактикалық екі жақты имплантациялау жүргізілді. Бұл операция Алматы қаласында алғаш рет жасалды. Нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарып, қозғалыс белсенділігі қалпына келе бастады.