$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордадан Жамбыл облысына спорттық жиынға келген балалар астан ұшынып, ауруханаға түсті

AstanaTV
22.01.2026ж. 19:00
Қызылордадан Жамбыл облысына спорттық жиынға келген балалар астан ұшынып, ауруханаға түсті

Жамбыл облысында 22 бала ауруханаға түсті. Келеңсіз жағдай Меркі ауданында болған. Олар- Қызылорда облысынан оқу жаттығу жиынына келген жас спортшылар. Жасөспірімдердің  біреуі жаттығу кезінде жарақат алған дейді жауаптылар. Қалғаны тамақтан ұшынған. Сыр елінен жалпы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы келген. Тиісті органдар тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда. Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде, денсаулықтары қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілген, ауру белгілері анықталған жоқ, профилактикалық шаралар жалғасуда.

НЕИЛИ МУЛИКОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Меркі аудандық көпбейінді аудандық ауруханасында 21 жасөспірім гастроэнтрокалид алғашқы диагнозымен жеткізілді. Қазіргі таңда саниториялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мен тергеп тексеру басталып жүргізілуде. Науқастардан материал алынып, зерттелуде және тағам өнімдерін сынама алынып, зартханаға жеткізіліп, қазір жұмыс барысында.