$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада қызылша ауруы өршіп тұр: балаларға қауіпті

Астанада қызылша ауруы өршіп тұр: балаларға қауіпті

Астанада қызылша ауруы өршіп тұр. Бір айдың ішінде 384 бастапқы жағдай тіркелген. Оның 234-і зертханалық түрде расталған. Ауруға шалдыққандардың дені-14 жасқа дейінгі бала, олардың басым бөлігі -вакцина алмаған. Мамандар қызылша балалар үшін ауыр өтетін ауру екенін ескертеді. Ол- ең жұқпалы вирустық аурулардың бірі.

АЙГҮЛ ШАҒАЛТАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕР:

Бас тарту себебінен жағдай, 61,5 пайызы. Тағы 23,5 пайызы вакцинация жасына жетпеген балалар және олар әсіресе осал топты құрайды. Өйткені олар басқалардың иммунитетіне тәуелді. Бұл дегеніміз вакцинациядан ата-ананың бас тартуы жай ғана жеке таңдау емес, кішкентай сәбилерге қауіп төндіреді.