Қызылжарда қатты аяздан 16 адамды үсік шалды. Аязда мас күйде далада жүргендер жансақтау бөліміне түсті. Қазір он науқас стационарда ем қабылдап жатыр. Жалпы, қаңтар айында медициналық мекемелерге жүгінгендердің саны өткен аймен салыстырғанда еселене түскен.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қаңтар айы басталғалы жарақаттану бөліміне мыңнан астам адам жеткізілді. Оның ішінде үсік шалу бар, тайып жығылу, жол көлік апатынан жарақаттанған осындай пациентер жеткізілді. Статистика көбейді. Бұл біріншіден айдың басында тайғақтың болу себебінен, екіншіден осы аяздардың басталуынан.