$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясы “Жастар Рухы” жастар қанатының белсенділері "Қауіпсіз қала" акциясына қатысты

«AMANAT» партиясы “Жастар Рухы” жастар қанатының белсенділері "Қауіпсіз қала" акциясына қатысты

Павлодарда жастар мен полицейлер бірге рейдке шықты. Кешкі рейд барысында тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті бақылады. Жол ережесін бұзғандарға ескерту жасады. «Қауіпсіз қала» жобасы аясында «AMANAT» партиясы “Жастар Рухы” жастар қанатының белсенділері құқық қорғау органдарының жұмысымен  танысты. Әрі қоғамдық көмекші ретінде тәртіпті қадалағалауға атсалысты. Акция басталағалы республика бойынша 8700-ден астам құқық бұзушылық анықталды.

ЖАНАҚ ЗАЯТОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

«Қауіпсіз қала» акциясы аясында біздің жастарымыз полиция қызметкерлерінің ішкі жұмысын көрді. Бұл өте маңызды. Керек. жауапгершілікке толы жұмыс. Полиция қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз.

Іс-шарадан өскемендік жастар да қалыс қалмады. «AMANAT» партиясы “Жастар Рухы” жастар қанатының белсенділері полицейлермен бірге есірткі жарнамаларын жойды. Олар жасырын жазуларды өшіріп, қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.

ҚОРЛАН ТУҒАМБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін тұрғындармен түсіндіру әңгімесін өткіздік. Егер «закладчиктерді» көрсе немесе осындай жағдайға тап болса, бірден 102 арнасына хабарласуын сұрадық. Қорықпай, бейжай қалмай, азаматтық ұстаным танытуға шақырдық.