Басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді нақтылауға бағытталған бастамалар ел ішінде қызу талқылануда. Заң үстемдігін күшейтіп, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысты ұсыныстардан жұртшылық оң нәтиже күтеді.
БЛИЦ:
- Менің ойымша, реформа, бұл - жаңа Қазақстанды дамыту үшін ең ерекше, маңызды рөл атқаратын жүйелердің бірі.
- Биліктің жаңаша бағытта құрылымына үлкен әсер етеді.
-Біз осы өзгерістер арқылы өсеміз, дамимыз экономика әлеуметтік жағдайымызда барлығын көтеру үшін жасалып жатқан қарарлар мен қаулылар деп ойлаймын.
- Жақсы нәтиже, жаңа бір белестер күтемін. Солай болатынына да сенем. Енді ол бүгін ғана келіп шешіліп жатқан дүние емес. Күні бұрын талқыланып, таразыланып келген нәрсе.