$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Моңғолиядан қоныс аударған қандастардың зейнетақысы артады

Моңғолиядан қоныс аударған қандастардың зейнетақысы артады

Моңғолиядан келген қандастарымыз енді еңбек өтіліне сай зейнетақы алады. Сенат екі ел арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Енді Алтай тауының ар жағындағы қандастарымыздың әскерде қызмет еткен, орта білім алған кезеңдері де елімізде еңбек өтіліне кіргізіледі. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары да бірге тасымалданады. Айта кетейік, былтыр 1 қазанға дейін 6654 азамат Моңғолиядан қоныс аударған. Келісім ратификацияланғаннан кейін, 400 астам азаматтың еңбек өтілі қайта есептеліп, зейнетақысы да артпақ.

АМАНГЕЛДІ ЕСБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл – азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқа мемлекеттің аумағында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы келісім шеңберінде зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін екі елдің аумағында жинақталған еңбек өтілін растау тәртібі бекітіледі. Бұл – азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау тұрғысынан маңызды қадам болып табылады.