$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жасанды зерде мемлекеттік басқаруды тиімді қылмақ - маман

21.01.2026ж. 19:00
Жасанды зерде мемлекеттік басқаруды тиімді қылмақ - маман

Жасанды зерде мемлекеттік басқару ісін тиімді қылмақ. Тың бастама бұл саланы барынша ашық қылып, жауапкершілікті арттырары анық, дейді мамандар. Бүгінде жасанды интеллект жетістігі елімізде түрлі салада кеңінен қолданылады. Мысалы, виртуалды көмекші - чат боттың көмегі заң мен қаржы саласында сұранысқа ие. Сонымен қатар қуат көздерін үнемдеу үшін енгізілген есептеу қосымшалары да бұл істі ілгерілете түскен. Енді мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін жаңа технологияны меңгерту жұмыстары қолға алынған.

НҰРҒИСА ҚАМАШЕВ, БҚО ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздің мемлекеттік қызметшілер арнайы тағылымдамадан өтті: жасанды интеллектінің элементтерін қолдану бойынша, оны енгізу бойынша, жаңа ақпараттық жүйелердің модульдерін үйрену бойынша, веб-бағдарламалау, веб-жасақтау, веб-модельдеу дейміз, осылардың бәрін бастапқы жоба ретінде біздің мемлекеттің қызметшілер арнайы оқудан, дәрістен өтті. Оған арнайы тиісті компания сертификаттарын табыстады. Оның ішінде қауіпсіздік мәселесі де бар.